Рахима Шәріпқызы Нуриден

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахима Шәріпқызы Нуриден (24 ақпан 1955 жыл Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылы) - журналист, журналистика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор.

Өмірбаяны

  • 1973-1976 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.
  • М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқып, оны 1979 жылы бітіріп шығады.
  • 1979-1992 жылдарда Қазақ радиосының шетелдерге хабар тарату бас редакциясында аудармашы, редактор, «Соңғы хабарлар» бас редакциясында редактор болды.
  • 1992 жылдан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде аға оқытушы
  • 1997 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шақыруымен журналистика бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
  • 1996 жылы «Қазақша хабар тарататын шетел радиолары» деген тақырыпта 10-01-10-«Журналистика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің радиожурналистика кафедрасында доцент, кафедра меңгерушісі, халықаралық журналистика кафедрасының доценті болды.
  • 2003-2010 жылдарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасында доцент, меңгеруші болып қызмет атқарды.
  • Астанадағы мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында бөлім меңгерушісі
  • 2011 жылы Иран Ислам республикасының халықаралық телерадиохабар тарату қызметінің шақыруымен қазақша хабарлар редакциясында қызмет етті.
  • Қазір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында профессор болып қызмет етеді.

Еңбектері

  • «Шетелдердегі қазақ радиолары»
  • «Қазақ рухани журналистикасы» монографиялары
  • «Араб журналистикасы»
  • «Қазіргі шетел журналистикасы» оқу құралдары
  • «Халықаралық радиожурналистика» оқулығы
  • «Радиожурналистика» оқу-әдістемелік кешені
  • «Қазақстан-Мысыр достығы» жинағы
  • көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

Отбасы

  • Балалы-шағалы. Қызы Данара халықаралық экономика факультетін бітірген, министрлікте қызмет істейді. Күйеу баласы Әзілхан қытай тілінің маманы. Олардың үш баласы бар. Үлкен ұлы Шыңғыс түркітанушы, оқытушы болып қызмет істейді. Келіні Арна да Түркиядан магистратураны туризм бойынша бітіріп шықты. Кіші ұлы Ұлықбек «Алтын белгі» иегері, ақпараттық жүйе маманы, қазір осы сала бойынша докторантурада оқиды. Балалары бірнеше тілді меңгерген. Заманға сай білім алып, қызмет істеп жүр.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}