Расизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Arthur de Gobineau.jpg
Гобино Жозеф Артюр де

Расизм (франц. race, итал. razza – топ, жануарлар немесе өсімдіктер түрі) — биологиялық, психикалық және әлеуметтік қатынастарда адамдардың теңсіздігі жөніндегі ілім. Нәсілшілдік теориясының жақтастары нәсілдік айырмашылықтардың тарихқа, мәдениетке, қоғамның даму қарқынына шешуші ықпал ететінін айтады. Халықтардың о бастан теңсіздігі жөніндегі көзқарастар ерте дүниеден, құлиеленушілік дәуірден бастау алады. Отарлық соғыстар заманында бұл көзқарастар күшейе түсті. Нәсілшілдік тұжырымдамаларының бірін XIX г. ортасында француз Ж.А. Гобино ұсынды, ол "жоғарғы нәсіл" деп арийлерді (үндіеуропалық халықтар, үндіиран тілдік қауымдастығына жататындар; тар мағынада - солтүстік герман халықтарының өкілдері) атады. XX ғ. нәсілшілдік теориялар фашистік және нацистік тәртіптердің ресми идеологиясы қызметін атқарды. Кейбір елдерде расизм нәсілдік кемсітушілікті, сегрегация мен апартеидті ақтау мақсатында қолданылады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Расизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

af:Rassediskriminasie fo:Rasisma