Рамазан Елебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Рамазан Елебаев.jpg
Рамазан Елебаев

Рамазан Елебаев (1910, Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш ауылы — 4 қараша, 1943, Ресей, Ново-Сокольники қаласының маңы) — композитор.

Өмірбаяны

Кейбір деректер бойынша сазгер 1910 жылы Башқұртстандағы бір елді мекенде Сәлима атты башқұрт қызынан туған. Әкесі Елебай баласы Ержан Еңбекшілдер ауданының қазіргі Құдықағаш ауылының жанындағы орман қойнауында Өтей деген ауылда өмір сүріп, сол жерде жерленген. Руы - Ақсары керей.Ұлы Біржан салдың аталас інісі болып табылады. Башқұртстанға кәсіп іздеп барған Ержан 1919 жылы көктемде жеті жасар Рамазанды ертіп елге оралады. Сәлима сол жақта қалады да, көп кешікпей Ержан Зейнеп деген қазақ қызымен отбасын құрады. Сол Зейнептен жалғыз қарындасы Қанипа туады. Қазіргі уақытта туған елі Құдықағаш орта мектебіне Рамазан Елебаев аты берілген. Мектеп жанында Республикалық халық ағарту ісінің үздігі, ақын Жамаш Нұралыұлының жетекшілігімен ашылған шағын мұражай жұмыс атқарады.<ref>Көкшетау. Ақмола облысы: Естелік кітап (қазақ және орыс тілдерінде). - Көкшетау, 2010. ISBN 978-601-231-251-5</ref>

  • 1928 — 29 жылдары Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған.
  • 1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді.
  • 1931 жылы Қазақ драма театрының актері болды.
  • 1933 жылы қысқа мерзімді сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберіледі.
  • 1934 жылы Алматы медицина инистутытына оқуға түседі.
  • 1937 жылы жолдамамен Мәскеу консерваториясына оқуға түскен.
  • 1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді.

Шығармалары

  • 1930 жылы Қазақ атты әскер полкінің маршына айналған “Жолдастар” әнін шығарған.
  • 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне арнап “Қазақстан”
  • 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап “Қуанышты жолсапар” әндерін жазады.
  • 1942 жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі “Жас қазақ” әні дүниеге келді.
  • Сондай-ақ, композитордың скрипка мен фортепианоға арналған сюитасы
  • “Талғар полкінің маршы”
  • “28 батыр”
  • “23-полк маршы”, т.б. көптеген әндері бар.

Марапаттары

  • Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер