Радикалдық, рационалды-сыни тәсіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Радикалдық, рационалды-сыни тәсіл. Бұл тәсіл революциялық қайта құру мен қоғамдық өмірді түбегейлі өзгерту идеологиясымен байланысты. Радикализм барлық кезде қоғамның саяси өмірінде елеулі орында болды. Радикализм айтарлықтай дәрежеде таптық өшпенділік пен ұлттық қайшылықпен байланысты қоғамдық өмірді таптық, нәсілдік, этникалық араздық идеяларымен улап, азаматтық соғыс пен жаппай геноцидке дейін апаратын нағыз табанды, шешуші әрекеттерді талап етеді. Өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси қүрылысты ірге тасына дейін қиратуға ұмтылу, қоғамдық организмді тұтастай талқандауға идеологиялық және саяси мақсаттау радикализмның саяси идеясының өзегін құрайды. Саяси ғылымдар бұл жағдайда таптық, партиялық идеологияға қатаң түрде бағынуға, революциялық мақсаттылық, мессия (таптар, ұлттар, тұлғалар және т.б.) диктатурасының орнауы мен нығаюының қажеттілігі принциптерін жетекшілікке алуға міндеттенеді. Радикализм саяси мәдениетті қоса алғандағы барлық рухани мәдениетті қайта бағалауға, қайта түсінуге алып келеді. Қарастырылып отырған тәсіл әлеуметтанулық әдісті кең пайдаланады, саяси процестердің негіздерін біржақты ашуға, олардың шығу көздерін қоғамның әлеуметтік-таптық, нәсілдік, этникалық жіктелуінен, саяси қатынастар субъектілерінің мүдделерінің қарама-қайшылығы мен күресінен табуға ұмтылады.

<ref>Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}