Поцелуев Дмитрий Дмитриевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Поцелуев Дмитрий Дмитриевич<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (9.12.1941 жылы туған, Алматы) — ғалым-хирург, медицина ғылыми докторы (1998). Алматы медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетін) бітірген (1965). 1972 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау минститунің Клиникалық және экспериментальдық хирургия ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы) ангиографиялық зерттеулер және эндоваскулярлы хирургия лабораториясының меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері қан тамырларын рентген сәулесімен тексеру (ангиография) және ішкі қантамырларына (эндоваскулярлы) хирургиялық операция жасау әдісін жетілдіруге арналған. Поцелуев Қазақстанда алғаш рет жүректің ишемиялық ауруында ішкі қантамырларына (тәж артериясына); вазореналды гипертензияда (бүйрек артериясына); артерия қантамырлары бітеліп қалғанда (бұғана асты, омыртқа және аяқтың артериясына) арнайы аспаппен (транслюминалды баллон) хирургиялық операция жасады. Нәтижесінде бұл ауруларды ангиопластика және тамыр ішінен протез салу (стентирования) арқылы емдеуге болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ол артерия-вена қантамырлары ауруларында, өкпеден қан кеткенде, бауыр гемангиомасында ішкі қантамырларына операция жасау жақсы нәтиже беретінін анықтады. Поцелуев — “Хирургияда жаңа технологияны зерттеп, оны тәжірибеге енгізу” ғылыми-зерттеу жұмысы авторларының бірі ретінде Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (1999). Шығармалары: Рентгеноэндоваскулярные диагностические и лечебные вмешательства в НЦХ им. А.Н. Сызганова, Медицинский журнал Казахстана, 2003, ғ1, ауылы 37 — 39 (соавт.); Эндоваскулярная хирургия на современном этапе развитии медицины, журн. Вестник хирургии Казахстана, 2005, ғ1, ауылы 8 — 11 (соавт.).

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Поцелуев Дмитрий Дмитриевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}