Петр Петрович Колесов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петр Петрович Колесов (1940 жылы туған), инженер-электрик. Қарағанды политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша (1967), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1984). Еңбек жолын «Балқашқұрылыс» тресінде мастерліктен (1960) бастаған. 1974-1991 жылдары Балқаш қаласы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы, Балқаш қалалық атқару комитетінің төрағасы, Жезқазған облысы халыққа тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының бастығы, Жезқазған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1995 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}