Петр Михайлович Трухин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Петр Михайлович Трухин<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> (1906 -1996) - Социалистік Еңбек Ері (1948), тау-кен инженері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), техника ғылымының кандидаты (1973). 17 ақпан 1906 жылы Вятск губерниясы (қазіргі Удмурт Республикасы), Малмыж уезі, Большая Уга селосында туған.

Еңбек жолдары

  • 1931 жылы Свердловск тау-кен институтын бітірген.
  • Еңбек жолын Челябинск қаласының теміржол стансасында есепші болудан бастаған.
  • 1931-1935 жылдары Урал кен институтында ғылыми қызметкер болды.
  • 1935-1955 жылдары Челябинск, Свердлов, Пермь облыстарының әр түрлі трестерінде жауапты қызметтер атқарды.
  • 1955-1957 жылдары - КСРО Көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары.
  • 1957-1961 жылдары - Челябинск Халық шаруашылығы советі председателінің орынбасары.
  • 1961-1965 жылдары - Целиноград Халық шаруашылығы советінің председателі.
  • 1965-1977 жылдары - "Қарағандыкөмір" өнеркәсібі бірлестігінде басқарма, комбинат бастығы, бас директор.
  • 1977 жылы - Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры.
  • 1966-1981 жылдары Қазақстан КП ОК-інің мүшесі болды.

Жетістігі

  • КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972)
  • Техника ғылымының кандидаты (1973)
  • 4-ші сайлауда РКФСР Жоғарғы Советінің депутаты.
  • 5-9-шы сайлауларда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Еңбектері

Наградалары

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/>

  • Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.

Сыртқы сілтемелер