Петр Владимирович Своик

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Петр Владимирович Своик

1947 жылы 13 желтоқсанда РКФСР Ленинград облысының Зеленогор қаласында туған.

Алматы энергетикалық институтын (1975); Мәскеу экономикалық институтының аспирантурасын бітірген, инженер-жылу технигі.

Техника ғылымдарының кандидаты (1983). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі заманғы жылуландыру турбиналарының тораптық жылытқыштарын іске қосудың сұлбаларын оңтайландыру».

«Қазақстанның мемлекет ретіндегі тағдыры. Құлдыраудан қашықтататын алғашқы қадамдар» (1994), «Монополияның бағасы» (1995) кітаптарының тең авторы.

1963 жылдан - Тұйықгеологиялық-барлау партиясының жұмыскері. 1969 жылдан - Алматы жылу жүйелерінің слесарі. 1971 жылдан - «Промэнергопроект» Алматы бөлімшесінің технигі, инженері, аға инженері. 1975 жылдан-жобалау институтында топ жетекшісі, жобалардың бас инженері. 1985 жылдан - «Батысқазэнерго» басқармасында бас инженердің орынбасары, басқарма бастығының орынбасары. 1989 жылдан - Орал ЖЭО директоры. 1990 жылдан -ҚР Жоғарғы Кеңесінің Экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі, хатшысы, «Демократиялық Қазақстан» тобының тең төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1994 жылдан - ҚР Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1994 жылдан - Қазақстан социалистік партиясының тең төрағасы, төрағасы. 1996 жылдан - «Азамат» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы. 1998 жылдан - «Қазақстан халық майданы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ассоциациясының ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - «Азамат» Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Қазақстанның Демократиялық күштері форумының тең төрағасы. 2002 жылдан - «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысы саяси кеңесінің мүшесі, 2004 жылдан - осы аттас Халықтық партиясының (ҚДТ) саяси кеңесінің мүшесі. 2005 жылдан -«Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің мүшесі, демократиялық оппозицияның бір кандидаты Ж. Тұяқбайдың 2005 жылғы президент сайлауында сенім білдірілген тұлғасы. 2005 жылдан - «Азаматтық кеңес» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі 2005 жылдан - Алматы қоғамдық антимонополиялық комиссиясының төрағасы.

2007 жылдың ақпанынан бері - Қазақстанның «АЗАТ» Демократиялық партиясының мүшесі (осы мерзімде пар тияның «Нағыз Ақ Жол» атты жаңа атауы қабылданды) төраға орынбасары. 2008 жылдан бері - Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік шиеленістердің алдын алу кеңесінің мүшесі.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Республикалар Кеңесінің мүшесі (1991). Алматы қаласының №67 әл-Фараби сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылымының депутаттығына кандидат, «Азамат» демократиялық партиясы ұсынған (1999). 2004 жылғы сайлаудағы Павлодар сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат. «Нағыз АқЖол» және ЖСДП біріккен партиялар тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат (2006).

Рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастырғаны үшін Алматы ауданаралық сотының шешімімен 15 тәулікке сотталған (наурыз, 2006).

Марапаттары

«Астана», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальдары мен марапатталған.

Діни көзқарасы

Діни көзқарасы - «Атеист (өкінішке орай), дін тарихы мен философиясына қатты қызығады».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Әр түрлі тұлғалардың жиынтығы».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Авторитаризм мен моношикізаттық экономиканың кері салдарын қиындықпен жеңіп шығатын, алайда тұтастай алғанда келешегі аса зор Президенттік-парламенттік республика».

Хоббиі

Хоббиі - жұмыс, (саясат, публицистика), сондай-ақ, қыс кезінде «Медеуде» болу және жазда роликті коньки тебу.

Сүйіп оқитын әдебиеті

Сүйіп оқитын әдебиеті - әр түрлі, соңғы кездері бесінші сыныптағы немересінің оқыған кітаптары ұнап жүр.

үй жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Чумакова Наталья Леонидовна Немерелері - Наталья, Әсет, Илья, Тимофей.(1947 жылы туған), Демократияға қолдау керсету орталығының директоры. Қыздары - Мария (1971 жылы туған), Елена (1973 жылы туған). <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}