Перуза Мұханбеткәрімқызы Темірәлиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темірәлиева Перуза Мұханбеткәрімқызы (1939 жылы туған, Форт-Шевченко) – педагог. Гурьев педогогикалық институтын бітірген (1963). 1963 – 1971 жылдары Шахта орта мектебінде мұғалім, Маңғыстау ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1971 – 1977 жылдары Маңғыстау ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Бейнеу ауданы партия комитетінің хатшысы, 1977 – 1988 жылдары облысы партия комитетінің кадр жөніндегі нұсқаушысы, жалпы бөлімнің сектор меңгерушісі, 1988 – 2006 жылдары №13 М.Әуезов атындағы мектепте оқу ісінің меңгерушісі болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1971) медальдарымен марапатталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub