Патигүл Махсатова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Патигүл Махсатова - 1959 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Диірмен ауылында туған. 1977 жылы Алматы сауда техникумын бітіріп, 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінің «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандығын тамамдаған.

1978—1980 жылдар аралығында Ұйғыр аудандық коммунал шаруашылығы мекемесінде бухгалтер, 1985—1987 жылдары Алматы қаласы, Қаскелен ауданы, Заря Востока ауылындағы орта мектепте мұғалім, 1987-2000 жылдары Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарған.

Қаламгердің ғылыми, публицистикалық мақалалары, өлеңдері, «Пәрваз», «Ізденіс», «Қәшқәр әдәбияти» журналдарында, «Уйғур авази» газетінде, «Анилар авази», «Яшлар авази», «Вәсийәт» коллективтік жинақтарда, «Өмір шындығы — шабыт көзі», «Мен махаббат қүшағында» деген жеке жинақтарда жарық көрген. 8 және 10 сыныптарға арналған «Ұйғыр әдебиеті» жаңа оқулықтардың және оқу құралдарының авторы.

2001 жылдан бастап Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің докторанты, 1998 жылы филология ғылымдарының кандидат ғылыми дәрежесі берілген. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}