Партизандық соғыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Партизанские медали.jpg
Партизандық медальдар

Партизандық соғысы– жау басып алған аумақтарда дұшпанмен күрес жүргізетін жалпы халықтық күрес.


Оған жау тылында қимыл жасауға арнайы жіберілген әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін. Оған тұрақты армияға кірмейтін жау тылында қимыл жасаушы әскери топтар, жасақтар және бөлімдер қатысады.

Партизан соғысы қарсыластың тірек пунктіне, штабтарына, әскерлеріне және әртүрлі нысандарына тұтқиылдан соққы беру әдісімен, сондай-ақ жекелеген диверсия түрінде жүргізіледі. Партизан соғысының негізгі мақсаттары:

  • қарсы жақтың адам күші мен соғыс техникасын шығынға ұшырату, оны басқару
  • қатынас жасау орталықтарының, тыл органдарының қалыпты жұмысын бұзу, үрей туғызу.

Партизан соғысы көне заманнан белгілі (мысалы, А.Македонскийдің әскерлеріне Спитамен бастаған массагет тайпасының қарсылығы немесе галл тайпаларының Рим экспансиясына қарсы күрестері, т.б.). Партизан соғысын жеріне жау басып кірген барлық халықтар жүргізген, соның ішінде тарихта неғұрлым жақсы сақталғандары Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін болған соғыстағы (1775 - 83) америка халқының күресі, Ресейдегі орыс шаруаларының Наполеон әскерін талқандауға қатысуы (1812), француз-пруссия соғысы (1870-71) кезіндегі француз халқының күресі, сондай-ақ 19-ғасырда қазақ даласында болған орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарда да партизандық ұрыс жүргізу тактикасы кең түрде қолданылды.

2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен оның одақтастары басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы пайда болды. Қарсыласу қозғалысы бірсыпыра елдерде Партизан соғысы түрінде жүргізілсе, ал кейбір елдерде (Югославия, Польша, Франция, Грекия, Италия, Бирма, Филиппин, т.б.) ұлт-азаттық соғысқа айналды. Соғыс жылдарында Германия басып алған Кеңес Одағы аумақтарында 6200-дей партизан отряды, бригадасы және құрамалары шайқасты, олардың қүрамында 1 млн-нан астам адам болды. Олардың қатарында Украина және Белоруссияда - 3000-дай, Смоленск жерінде - 270-тен астам, Ленинград облысында 220-дан астам, шетелдердегі қарсыласу кезінде 300-дей қазақстандық шайқасты. Олардың ішінде Қ.Қайсенов, Ж.Ағаділов, Е.Воробьева, Б.Жангелдин, П.Семенова, Н.В.Зебницкий, Ф.Ф.Озмитель, Д.Әбдірайымов, Г.Ахмедьяров, Ә.Шәріпов, У.Оразбаев, В.И.Шаруда, Ж.Саин, Ж.Нәметов, Т.Жұмабаева, Ж.Савельев, Ж.Сұраншиев, Н.Байсейітова, Г.Омаров, З.У.Хұсанов, т.б. ерекше көзге түсті. Ахмедьяров, Н.А.Морозов, С.Төлешов, Шаруда партизандық отрядтар мен құрамаларды басқарды.

Партизандар командирлері А.С.Егоровқа, Зебницкийге және Озмительге Кеңес Одағының Батыры, ал Қайсеновке ҚР-ның «Халық қаһарманы» (1995) атақтары берілді.

Партизан соғысы бүкілхалықтық, интернационалдық сипат алды. Партизан соғысының кең өріс алуына астыртын жұмыс жүргізушілердің саяси жұмыстары үлкен себін тигізді. Партизан соғысына басшылықты күшейту үшін 1942 жылы мамырдың 30-ында Жоғарғы Бас қолбасшылық ставкасы жанынан партизандық қозгалыстың орталық штабы (бастығы П.К.Пономаренко) құрылды. Барлық отрядтар мен бригадалар біртұтас командованиеге бірікті. Бүл штабтар өз тұсындағы тиісті майдандардың әскери кеңесіне бағынып, партизандық күресті Қызыл армияның ұрыс қимылдарымен ұштастырып отырды. Партизандар жау тылына жорықтарға шығып, олардың гарнизондарын, полиция учаскелерін, штабтарын, байланыс жүйелерін, қоймаларын, аэродромдарын, т.б. жойды, жолдарды, көпірлерді («Рельс соғысы», «Концерт») бұзды, әскери тұткындар мен кеңес азаматтарының Германияға жұмысқа айдалуына кедергі жасап, оларды құтқарып отырды. Кеңес партизандары соғыс жылдары 21 мыңнан астам поезды аударып, 12 мың көпірді қиратты. Бұл соққылардың әсері агылшын-американ авиациясының Германияны бомбалауынан 5 есе, неміс авиациясыныц кеңес тылындагы нысандарға шабуылынан 10 есе артық нәтиже берді. 1942 жылдың жазы мен күзінде немістер тұрақты әскерлерінің 24 дивизиясын майданнан алып, оларды партизандармен күреске пайдаланды. Бұл неміс командованиесінің С.А.Ковпак пен О.Ф.Федоров командалық пункте Солтүстік Африкадағы АҚШ пен Англияға қарсы қойған құрғақтағы әскерлерінен 4 есе асып түсті.

Партизан соғысының құқықтык мәртебесі жайлы мәселелер 1874 жылдан бастап қарастырыла бастады. 1874 жылы шілде - тамыз айларында Брюссель конференциясында 15 мемлекет партизандардың құқықтық мәртебесі және Партизан соғысын жүргізуді заңдастыру жайындаты конвенция жобасын қарады. Онда партизандар қарсыласу күресіндегі заңды қатысушы күш, ал Партизан соғысы қарсыласпен күрестегі заңды әдіс ретінде қаралды. Конференцияға қатысушы кейбір мемлекеттердің (АҚШ, Англия, т.б.) қарсы болуына байланысты конвенция қабылданбады. Дегенмен жобаның негізгі ережесі 1899- 1907 жылы Гаагада қабылданып, 1949 жылы Женева конвенциясында және БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының резолюциясында бекітілді. Бұлардың бәрінде Партизан соғысы заңды күрес түрінде мойындалған. Қазіргі кезде әлемде болып жатқан ірілі-ұсақты соғыстарда (Кавказ, Ауғанстан, Ирак, Косово, т.б.) Партизан соғысының көптеген элементтері қолданылады. <ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Партизандық соғыс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}