Павлодар облысының орталық мемлекеттік мұрағаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодар облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты - Павлодар атқару комитетінің штатына кіші мұрағатшы (архивариус) лауазымының енгізілуімен 1925 жылдың 30 маусымынан бастап Павлодар облысының мұрағат мекемелерінің тарихы басталды.

Тарихы

1938 жылы құрылған облыс мемлекеттік мұрағатында 1766-2009 жылдарға азаматтардың жеке құжаттары және Павлодар облысы мекемелері, ұйымдары, және кәсіпорындарының басқарушылық, ғылыми-техникалық, аудиовизуалдық құжаттары 570 мыңнан астам сақтау бірліктері бар. Осы құжаттар түрлерінің жиынтығы отандық тарихтың түрлі аспектілері бойынша мәлімет алуға мүмкіндік береді. Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының құжаттарынан Ертістің Павлодар өңірінің тарихы бойынша мәліметті табуға болады, 19 ғасырдың баcынан бастап. Олардың бөлігі жалпы көлемде көп емес - 1%-дан төмен. Ол құжаттар жеке тектік қорлар мен кейбір мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қорларының құрамында мемлекеттік сақтауға түсті.

Өкімет және басқарудың Павлодар уездік және округтік органдары қорларында Ертістің Павлодар өңірінде кеңес өкіметінің орнатылуы үшін күрес, экономиканы қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру, мәдени құрылыс көрініс табады. Сол кезеңдегі оқиғалар Павлодар комсомолын ұйымдастырушыларының бірі Н.Ф.Калиннің: Баянауылдың бірінші әйкл-коммунисі Т.Л.Комарова-Бельденинованың; нан дайындау кезінде кулактар қолынан қаза тапқан, 20-шы жылдар комсомолы И.Ф.Ройдың жеке тектік қорларында да көп байқалады.

1938 жылы Павлодар облысының құрылуымен Ертістің Павлодар өңірі тарихының жаңа кезеңі басталады. Павлодар облысы экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының маңызды мәселелері қалай қарастырылып, шешілгені туралы депутаттардың облыстық, аудандық, қалалық кеңестері сессияларының, олардың атқару комитеттері мәжілістерінің хаттамалары куәлік етеді.

Мұрағат қорына шолу

Сурет:Fondos archivo.jpg
Мұрағат қоры

Сталин дәуіріндегі жаппай саяси қуғын-сүргіндер туралы 30-40-шы жылдар және 50-ші жылдар басындағы негізсіз қуғын-сүргінге ұшырағандардың құжаттары мен істер Топтамасы мәлімдейді. Оның ең құнды бөлігін лагерь қабырғаларында тірі қалған, қуғын-сүргінге ұшырағандардың естеліктері, тұтқындардың хаттары, фотосуреттер, қайтыс болғаны (атылғаны) туралы куәліктер құрайды. Топтамаға саясат және қоғам қайраткері К.Бердалиннің; ғалым-саяхатшы, Арктиканы зерттеуші Е.С.Гернеттің; Павлодар ауыл шаруашылығын механизациялау мектебінің оқытушысы С.Жүсіпбековтың; тарих ғылымының докторы, Вена университеті мен Қазақ пединститутының профессоры П.П.Кунтенің (Бруннер); ғалым, атақты «Катюша» реактивті қаруын құрастырушыларының бірі Г.Э.Лангемактің; партия қызметкері М.Н.Нұрпейісовтың; Үрлітүп ауданы «Заря» колхозының төрағасы О.Тінәлиевтің және басқалардың құжаттары енді. Топтамада барлығы екі жарым мыңға жуық адам туралы мәлімет бар.

Құжаттардың ірі кешені біздің жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері туралы куәлік етеді. облыстық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қорлары облыс еңбекшілерінің Ұлы Жеңіске тигізген үлкен үлесі туралы баяндайды. Жеке тектік құжаттардан Азаматтық және Ұлы Отан соғыстарында қатысқандардың естеліктері және құжаттары, істер топтамалары, Кеңес Одағы Батырларының, еңбек әскерлерінің құжаттары мен істер топтамалары құрастырылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Р.Ж.Аликовтың, С.Ф.Гончаровтың, З.П.Ереминаның, Г.В.Путинцевтің және басқалардың, сондай-ақ тыл еңбекшілері, соғыс жылдарында жоғары астық топтарын құру жөніндегі қозғалыстың бастамашысы А.И.Дацкованың; депортацияға ұшыраған поляктарды орналастыруымен айналысқан А.М.Захарованың жеке тектік қорларында соғыс жылдары туралы қызық мәлімет баршылық.

Басылымдар

Дереккөздер

  • «Үлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 310 Қаулысы
  • «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 219 Бұйрығы.
  • «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы

Сыртқы сілтемелер

<references/>