Павлодар облыстық орыс драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павлодар облыстық орыс драма театры, А.П. Чехов атындағы, 1948 жылы қаладағы қазақ-орыс драма театры негізінде құрылған.


Сахна шымылдығы театрдың көркемдік жетекшісі И.Р. Райский қойған А.Е. Корнейчуктың “Платон Кречет” спектаклімен ашылды. 1959 жылы театрға орыс жазушысы А.П. Чеховтың есімі берілді.


Театр ұжымы орыс жазушылары К.М. Симоновтың, А.Н. Арбузовтың, Б.А. Лавреневтің, А.Д. Салынскийдің, В.В. Вишневскийдің, Н.Ф. Погодиннің, И.И. Назаровтың шығармаларын, сондай-ақ Қазақстан жазушылары Ә.Әлімжанов пен М.Д. Симашконың “Төтенше комиссар” (1979), Ә.Тәжібаевтың “Майра” (1983) секілді шығармаларын сахнаға шығарды. Бұл спектакльдерді қоюда режиссерлер В.Васильев, Е.И. Еникеев, Н.Л. Козлов, В.Н. Кузенков, Б.Омаров, А.П. Струнин, М.И. Федосимов елеулі еңбек сіңірді.

Театр труппасы Чехов драматургиясы бойынша спектакльдер қоюға ерекше назар аударды. Театр тарихи-әлеуметтік тақырыптағы шығармаларды (А.П. Штейн, М.Ф. Шатров, т.б.) сонымен қатар орыс және шетел классикалық драматургиясы (Л.Н. Толстой, М.Ю. Лермонтов, А.М. Горький, В.В. Маяковский; У.Шекспир, Ф.Шиллер, К.Гольдони, т.б.) бойынша да спектакльдер қойып отырды. Мұнда реж. О.А. Афанасьев, П.И. Шияновский, актерлер К.А. Струнина, В.И. Ермаков, Г.Т. Калашников, Ф.А. Миронова, В.И. Кожевников, В.И. Ломакин, В.В. Мельников, И.Г. Чистяков, театр суретшілері Л.Г. Столярова, т.б. қызмет етті.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті