Павел Осипович Кайров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Павел Осипович Кайров (1904, Эстония, Таллин қ. – 8.4.1962, Ресей, Санкт-Петербург қ.) – актер, Қазақстанның халық артісі. (1955; 1947 жылдан Қазақстаның еңбек сіңірген артісі).

Сахналық өнер жолын Өскеменде көркемөнерпаздар үйірмесіне (1936 жылға дейін) қатысудан бастады. 1936 – 56 жылы Республикасы орыс драма театрының (Алматы) актері болды. Мұнда көптеген рөлдерде ойнап, өзінің актерлік өнерімен көрермендер сүйіспеншілігіне бөленді. Осы театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысып, Василий Царев (В.П. Катаевтың “Майданнан қайтқан солдатында”), Серьга (Н.Ф. Погодиннің “Қайықшы қызында”), Қараман (М.Әуезовтің “Қарақыпшақ Қобыландысында”), Минутка (Б.Ф. Чирсковтың “Жеңімпаздарында”), Якорев, Гриша, Назар Авдеевич (А.М. Горькийдің “Соңғылар”, “Жауыздар” және “Күннен туғандарында”), Городулин, Боровцев (А.Н. Островскийдің, “Ұлық болсаң – кішік болы” мен “Тұңғиығында”), Труффальдино (К.Гольдонидің “Екі мырзаға бір қызметкерінде”), Годар (О. де Бальзактың “Өгей шешесінде”), Лорд Клинтон (В.Гюгоның “Мария Тюдорында”), т.б. рөлдерді орындады. Киноға да түсіп, Чаусов (“Мазасыз көктемде”, 1956), Кошкин (“Ботагөзде”, 1957), Поздняков (“Теңіз дауылында”, 1958) бейнелерін экранға шығарды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

  • h[ttp://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/sov/254772/bio/ Кайров Павел Осипович]

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}