Оңғарбаева Дәлила

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңғарбаева Дәлила Қарақбайқызы (1906, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Кеңөлке мекені, Томар ауылы - 1932, Ресей, Кемерово қаласы) -актриса, әнші. Ауылда ескіше оқып хат таиыған. Жас кезінен көптеген халық әндерін орындап, өлең де жазған. 1926 - 28 жылдары қазіргі Қазақ академиялық драма театры құрамында алғашқы актрисалардың бірі болып, осы театр сахнасында қойылған спектакльдерге қатысып ойнады: Еңлік, Ақбала (М.Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде", Бикеш Ж.Шаниннің "Арқалық батырында"), т.б. Отты қызулық пен драмалық бояу молдығымен оның актерлік ойын шеберлігіне тән қасиет. 1927 жылы Мәскеу қаласында өткен этнографиялық концертке қатысты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}