Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы– «Қазақстан телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан – Шымкент» телерадиокомпаниясы 1990 ж. 5 қарашада ашылды. Мемлекеттік қаржыландыру жүйесі бойынша телеарнаның облыс көлеміне тәуліктік хабар тарату мөлшері жексенбі және мереке күндерінен басқа уақытта 1 сағат. Ал бұдан басқа жеке телеарна арқылы тәулігіне 16 сағат қалалық телебағдарлама эфирге шығады. Облыстық телерадио ұжымында 72 адам жұмыс істейді. Олар күніне 17 сағаттық теледидар (екі арнада) және 1 сағаттық радио хабарларын дайындайды. Материалдар үш тілде дайындалады: қазақша – 70%, орысша – 25%, өзбекше – 5%. Радио материалдары да үш тілде: қазақша – 70%, орысша – 20%, өзбекше – 10%. Облыстық теледидар хабарларын облыс халқының 95%-ы, Өзбекстанның Ташкент, Жызақ, Сырдария облыстарының тұрғындары көреді, ал қалалық «Қазақстан – Шымкент» бағдарламасын облыс тұрғындарының 40%-ы көре алады. Облыстық телерадиокомпанияны 2002 жылдың 1 қарашасынан Атжан Жапайұлы басқарады.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}