Оңал Шегебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оңал Шегебаев (25.5.1947, Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Жаңаұйым ауылы — 21.11.1997, Алматы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1992). Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1997).

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ аграрлық университеті) бітірген (1969). 1969 — 1972 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сұрыптау стансында кіші, аға ғылым қызметкер, аға агроном болды. 1972 — 1995 ж. В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылым-зерттеу институтында аспирант, кіші және аға ғылым қызметкер, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, биотехнология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996—1997 жылы А.И. Бараев атындағы, Астық шаруашылығы институтының директоры болды.

Шегебаевтың негізгі ғылым еңбектері астық дақылдарының генетикасы мен биотехнологиясына және оларды сұрыптау жұмыстарына арналған. Оның қатысуымен 34-тен астам ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен гибридтері алынды. Шегебаев 130-дан аса ғылым еңбектің, оның ішінде 18 авторлық куәліктің авторы.«<ref>Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref><ref>"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}