Оқшы ата мазары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Оқшы ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том</ref>Шиелі ауданына қарасты 20 разъезде, Жөлек аулынан 7 км жердегі темір жол торабында орналасқан. Күмбезі, құрылысы жағынан Қарасопы, Асан ата мазарларына ұқсас, бірақ көлемі шағындау. Соңғы жылдары қайта жөндеуден өткен. Мазарға жерленген кісінің шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі. Ә.Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы 9 – 10 ғасырлардан бастау алып, белгі 15 – 16 ғасырларда салынса керек. Ал Оқшы ата күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар түрлі заман (оғыз, қалмақ) оқиғаларын қамтиды. Архитектуралық жәдігер туралы мәліметтер В.Каллаур, И.Кастанье, А.Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, Т.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған.

Сілтемелер

Архитектура

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Оқшы ата мазары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}