Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Киіз үйдің ішкі көрінісі.png
Киіз үйдің ішкі көрінісі

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі - 1967 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Темiр стансасында ашылған.

Алғашқыда мектеп музейi, 1973 жылдан бастап аудандық музей қызметiн атқарса, 1979 ж. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі болып құрылды.

Музейдiң негiзгi мақсаты - Отырар өңiрiндегi археологиялық, архитетуралық ескерткiштердi қорғау, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі құрамына Отырар қ., Арыстан баб кесенесi және осы өңiрдегi барлық ежелгi қала орындары, қорғандар, суландыру жүйелерi, шеберханалар енедi және бұлар көрермендерге экспозициялық қызмет атқарады.

Музейде бiрнеше бөлiмдер және кiтапхана жұмыс iстейдi. 1993 ж. музей қарамағына 110 тарихи ескерткiш бекiтiлiп берiлдi, қорғау аймағы 11547 га болып ұлғайды. Қазiргi кезде Отырар өңiрiнде 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткiш бар.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}