Орынбай Рахманбердиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Орынбай Рахманбердиев.JPG
Орынбай Рахманбердиев

Орынбай Рахманбердиев (20.10.1943 жылдары туған) – инженер-технолог Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ленгер азық-түлік комбинатының басшысы, Ленгер қаласының «Ақмаржан» АҚ-ның президенті, облыстық мәслихат хатшысы болды. Сенатта Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, «Достық» депутаттар тобының, «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастығы комитетінің, Қытай Халық Республикасының Жалпықытайлық халық жиналысымен ынтымақтас топтың мүшесі. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі.«Парасат» орденімен (2004); «Ерлік еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Бердәлиева Динара (1944 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Гүлмира (1966 жылы туған), Лаура (1968 жылы туған), Жанна (1972 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орынбай Рахманбердиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}