Орақбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Zhamb obl.svg
Жамбыл облысы

Орақбай (1841, Жамбыл облысы Талас бойындағы Түймекент мекені – 1917, Шу ауданы) – ақын. Жасынан ақындығымен елге танылған. Өлеңдерінде замана жайын, өмір мен жастық шақ туралы жырлады. “Бәсеке мал жинауды әдет етті” атты өлеңінде ел арасында кеңінен етек алған ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, барымта, жесір дауы секілді қиянат істер мен ел басқарғандардың байлық жолында бәсекеге түскен жемқорлық әрекеттері батыл сынаған. 1880 жылы Жиенбай ақынмен айтысқан. Ақын өлеңдері баспасөз беттерінде жарияланған, әдеби мұрасы ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтында сақтаулы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Орақбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}