Орал Әрмияұлы Ыдырысов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Орал Әрмияұлы Ыдырысов 1959 жылы 12 ақпанда Семей облысы Абай ауданының Қайнар ауылында туған.

  • Алматы халық шаруашылық институтын (1986) инженер- экономист мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылдан - «Алматытұрғынүйқұрылыс» тресінде комсомол комитетінің босатылған хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Алматы қалалық комитетінің белім бастығы. 1987 жылдан - Октябрь аудандық партия комитетінде нұсқаушы. 1991 жылдан - Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру белімі меңгерушісінің орынбасары. 1992 жылдан - Алматы қаласы Мәскеу аудандық әкімшілігі аппаратының жетекшісі, әкімінің орынбасары. 1994 жылдан - ҚР «Қазақстанның теледидары және радиосы» басқармасы аппаратының жетекшісі. 1995 жылдан - «Постовалов және Компания» ЖТАҚ вице-президенті. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде белім бастығы, бас инспекторы. 1999 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ бақылау және ұйымдастыру құжаттамалық қамту департаментінің директоры. 2001 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ вице-президенті. 2002 жылдан - «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ әлеуметтік жаңа кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары. 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары. 2004 жылдан - «ҚазМұнайГаз» БО АҚ атқарушы директоры. 2006 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жеке құраммен және әлеуметтік саясатты басқару департаментінің директоры. Октябрь аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты
  • «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. ҚР Прөзидентінің Алғыс хатымен аталған.
  • Үйленген. Қызы және ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}