Ораз Әбішұлы Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ораз Әбішұлы Әбішев 1916 жылы 1 мамырда Семей облысы Абыралы ауданы Қайнар ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Әкімжанов Әбіш, марқұм, адвокат болып жұмыс істеген. Анасы - Тоқжігітова Зағипа, марқұм, үй шаруасы- мен айналысқан.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты екі жылдық курсының актерлік факультетін бітірген (1936); режиссерлік факультетінде оқыған (Мәскеу қаласы , 1939), режиссер.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1936 жылдан - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера театрының хор әртісі, солисі. 1939 жылдан - кинемато- графияның тәжірибелік жұмыстарында. 1946-1986 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының деректі кинолар режиссері.

Қазақстанның Әдебиет және өнері I онкүндігінің мүшесі (Мәскеу қаласы , 1936). Қазақ балаларды қорғау комитетінің мүшесі (1976).

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). ҚР Еңбек сіңірген енер қайраткері. ҚР Халық әртісі. «Құрмет белгісі» (1950, 1959), Қазан революциясы (1971), Еңбек Қызыл Ту (1986), «Отан» (2005) ордендерімен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен (1957) марапатталған.

Діни көзқарасы - Құдайға сенеді.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Сингапур реформаторы Ли Куан Юдің айтқанымен келісемін. Ол Н.Ә.Назарбаевты әлемнің саяси аспанындағы жарқырап туып келе жатқан жұлдыз деп атап, мынадай болжам айт- ты: «Егер Қазақстан Республикасының басшылығы Назарбаев қолында болса, Қазақстанның табыстылыққа деген мүмкіндігі айтарлықтай көп болады».

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.

Жұбайы - Шынтасова Мәруә Қарасайқызы (1924-1995),ҚазКСР Министрлер кеңесінің Жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ұлы - Әбішев Қанат Оразұлы (1946 жылы туған), ҚР Олимпиада Ұлттық комитетінің вице-президенті; қызы - Әбішева Гүлжан Оразқызы (1950 жылы туған), кәсіпкер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub