Ольга Давыдовна Андреева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андреева Ольга Давыдовна (21 шілде 1915-2007) - орыс совет әншісі, ҚазССР-інің халық артисті (1985), Ресей халық әртісі (2001), опера әншісі және педагог.

Н.А.Римский-Корсаков атындағы Ленинград мемлекеттік консерваториясының фортепиано (1937 жылы) және вокалдық (1941) факультетін бітірген. 1941-42 ж. Ленинград кәсіпорындарда, госпитальдарда, Совет Армиясы жауынгерлері мен Балтық теңізшілерлері алдында өнер көрсетті. Ленинград обл. оперетте театрында, Саратов мемл. опера және балет театрында, филармония мен кіші опера және балет театрында әнші болды. 1961 жылы Совет мәдениет қызметкерлерін Қазақстанда тың және тыңацған жерлерді игерушілер арасында әуесқойлар коллективтерін ұйымдастырып жандандыру ісіне жәрдем беруге шақырды. "Целинник" ән-би ансамблін ұйымдастырып, 1962-65 ж. оның көркемдік жағын басқарды. 1965-79 ж. Ленинград радиосы мен телевизиясында әнші.<ref>Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7</ref>

Санкт-петербург консерваториясының профессоры.

Шығарған кітаптары

  • Пока я помню - я живу: [Воспоминания опер. певицы] / О. Д. Андреева; [Послесл. А. В. Кондратьева] 143,[1] с. ил., нот. ил. СПб. Polradis 1993<ref>Пискарев А. Как хорошая песня!//Сов. культура. 1959. 10 қараша.</ref><ref>Андреева О. Нас ждут на целине!//Сов. культура. 1962. 15 марта.</ref><ref>Аренин Э. Тысячный концерт//Известия. 1970. 11 қыркүйек.</ref><ref>Макеев В. Мастерство, гражданственность//Сов. культура. 1970. 29 қыркүйек.</ref><ref>Картаузов Л. Наша землячка — целинница!//Сов. культура. 1979. 10 шілде.</ref><ref>Сенецкая И. Жизнь — как песня//Сов. патриот. 1980. 13 шілде.</ref><ref>Там, где нужнее/Беседу вел А. Мясников//Веч. Ленинград. 1982. 8 ақпан.</ref><ref>Царев М. Выбор пути//Сов. культура. 1983. 7 маусым.</ref><ref>Картаузов Л. Народная артистка целины//МЖ. 1984. № 23. С. 6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер