Нәзира Сәрсембайқызы Табелдинова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәзира Сәрсембайқызы Табелдинова - 1962 жылы 22 желтоқсанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Никелтау стансасында туған. Қазақ. Анасы - Табелдинова Нұрлыхан Жақайқызы, зейнеткер, теміржолшы болған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының мәдени-ағартушылық жұмыс факультетін бітірген (1993), мәдени-ағартушылық жұмыстың ұйымдастырушы-әдіскері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

  • 1983 жылдан - Ақтөбе облыстық филармониясының әртісі.
  • 1985 жылдан - А.С. Пушкин атындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы мәдени-көпшілік бөлімінің меңгерушісі.
  • 1991 жылдан - Ақтөбе облыстық Халық шығармашылығы үйінің аға әдіскері.
  • 1993-2008 жылдары - Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры.
  • 2009 жылдан бері - Ақтөбе облысы Мәдениет басқармасының бастығы. 2-ші шақырылған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты (2004-2007, 2007-2012). ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі (1997 жылдан), Халықаралық «УНИМА» қуыршақ ойнатушылар одағының мүшесі (2004 жылдан). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Мәдениет қайраткері» (2008) белгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 3 грамотасымен марапатталған, ҚР Президентінің Алғыс хатымен ескерілген (2005). Ақтөбе облысы әкімінің «Жыл адамы» сыйлығының лауреаты (2004).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық және тұрмыстық игілік».
Хоббиі - балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Әуезов, Д. Донцова, П. Коэльо және басқалар.

Ұлы - Махметов Олжас Сансызбайұлы (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub