Нәжман Күнқожаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәжман Күнқожаев (1929 жылы туған, Қызылорда қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1974).

ҚазМУ-ды (1953, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қызылорда облысы Қазалы темір жолының Сексеуіл бекетінде мұғалім, Бөген ауылында мектеп директоры (1953–58), Қызылорда облысы халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1958–61) болып жұмыс істеді. 1965 жылы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық комитетте дәріскерлер тобының жетекшісі болды. Қызылорда педагогика институтының (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) оқу ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі (1965–83), Гурьев педагогика институтында (1983–86, қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) ректор, Қызылорда педагогика институтында сырттай оқу бөлімінің проректоры, кафедра меңгерушісі (1986–92). 1992 жылдан ҚазҰПУ-дың профессоры, Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Күнқожаевтың 200-ден астам ғылыми мақаласы мен оқулықтары («Адам және қоғам», «Әлеуметтану», 1997; «Социология», 2001) жарық көрген. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. «КСРО Жоғары оқу орнының үздігі», «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгілерінің иегері.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер