Нұғман Күлдербекұлы Аралбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer

Нұғман Күлдербекұлы Аралбай (10.10.1960 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Пістелі ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2002).

ҚазҰУ-дың биология факультетін бітірген (1982). 1982–93 ж. ҚР Ғылым Академиясының Алтай ботаника бағында ғылыми қызметкер, директор болды. 1993–94 ж. Бас ботаника бағында бөлім меңгерушісі, жетекші ғылыми редактор, 1995–2005 ж. Ботаника және фитоинтродукция институтты директорының орынбасары, 2006–07 ж. ҚР ҒМ–Ғылым Академиясының «Биологиялық зерттеу орталығы» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғыл. істері жөніндегі орынбасары, 2007 жылдан ҚР ҰҒМ-ның Ботаника және фитоинтродукция ин-тының директоры қызметін атқарған. Негізгі ғылым-зерттеулері ботаника, флористика, флорогенетика, этноботаника, география, экология және табиғат қорғау мәселеріне арналған.

Аралбай Қазақстан өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігіне алғаш рет сандық баға берген және флораның автохтондығы, жер аумағы мен түр байлығының функционалдық байланысы туралы ұғымды пайымдады. Ол ғылымға белгісіз өсімдіктің жаңа 2 түрін ашты, оның жетекшілігімен Қазақстан флорасы бойынша республикада тұңғыш Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары өсімдіктерінің мемлекеттік кадастры жасалып, жарық көрді. Республикалық «Шөлденуге қарсы күрес жөніндегі ұлттық іс-әрекеттер жоспары» (1999) және «Биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тиімді пайдаланудың ұлттық стратегиясы мен іс-әрекеттер жоспарын» (1999) дайындаған авторлар ұжымының мүшесі. 100-ге жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 монографиясы жарық көрген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұғман Күлдербекұлы Аралбай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}