Нұрғожа Оразов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрғожа Оразов - 1932 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Урицкий ауданындағы «Маяк» кеңшарында туған. 1947 жылы туған ауылындағы жеті-жылдық мектепті бітіріп, Гурьев (Атырау) педучилищесін 1950 жылы тамамдаған. Мұнайлы жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім болған. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскен. Алғашқы топтамасы «Жас жүрек» (1956) атты жас ақындар жинағына енген. 1956 — 1958 жж. мектепте ұстаздық еткен. 1958— 1963 жж. Қостанай облыстық газетінде, 1963—1965 жж. «Тың өлкесі» газетінде қызмет еткен. 1965 жылы Целиноград облысаралық бөлімшесіне жауапты хатшы болып тағайындалған. Қазір «Жаңа Сарыарқа» журналының Бас редакторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006). Топтама өлеңдері украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кім табады? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Достар хаты. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Шұғыла. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Тың түлегі. Өлеңдер. Поэма. А., «Жалын», 1977; Қырандар ұясы. Өлеңдер. Поэмалар. А., «Жалын», 1979; Жауқазын шақ. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дала дәмі. Очерктер. А., «Қайнар», 1981; Тың тын ысы. Таңдамалы өлеңдер, поэмалары., «Жазушы», 1982; Таңдау. Повестері., «Жалын», 1984.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}