Нұрғали Түйтебайұлы Кенжетаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрғали Түйтебайұлы Кенжетаев (1938-2000), ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырушы, Жаңаарқаның түлегі. Ақмола қаласында кооператив техникумын бітірген (1958). 1958-1992 жылдары Жаңаарка ауданының «Ортау», «Жеңіс», Карл Маркс атындағы кеншарда, «Рассвет» кеңшарларында аға бухгалтерден директорға дейінгі еңбек жолынан өтті. 1992 жылдан «Жеңіс» кеңшарының (1995 жылдан «Жеңіс» АҚ) директоры, кейін АҚ президенті болды. Осы шаруашылықтарды басқару, ұйымдастыру барысында Кенжетаев ізденімпаз, жаңашыл басшы екенін танытты. «Жеңіс» кеңшарында асыл тұқымды қой шаруашылығын өркендету ісіне бар күш-жігерін жұмсады. Жаппай тарату, қайта құру кезеңінде «Жеңіс» асыл тұқымды қой зауыты болып, ұйыған шаруашылықтың іргесінің бұзылмай қалуы ең алдымен Кенжетаевтың, оны қолдай білген жергілікті басшылардың ерлігі еді. Акционерлік қоғам 1995 жылы 17 миллион теңге, 1996 жылы 14 миллион теңге пайла келтірді. Кенжетаев істің экономикалық пайда келтіретін тиімді жағына баса назар аударуды басты мәселе деп білетін білгір ұйымдастырушы бола білді. «Кұрмет Белгісі» орденімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}