Нұрымбек Жанділдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970).

Қысқаша өмірбаяны

Үлгі:Infobox Biography

  • 1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген.
  • 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 1944–46 - БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды.
  • 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;
  • 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі;
  • 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі;
  • 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры;
  • 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі;
  • 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы;
  • 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды.
  • 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды.

Еңбектері

  • 196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған.

Шығармалары:

  • "Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956;
  • "Природа национальной психологии", 1971;
  • "Монолитное единство", 1976.

"Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}