Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Нұртай Абықайұлы Әбіқаев (15.5.1947 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) – мемлекеттік қайраткері, инженер-механик, генерал-майор (1998), экономикалық ғылыми докторы (2000).

Сурет:Нұртай Абықаев.JPG
Нұртай Абықаев

С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын (1970) инженер-механик мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебін (1985), РФ Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Экономика ғылымдарының докторы. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

КОКП мүшесі (1991 жылға дейін).

1970 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1972 жылдан - Алматы ауыр машина жасау зауытының аға инженері, инженер-конструкторы. 1976 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдан - өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1978 жылдан - өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі. 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бөлімінің нұсқаушысы. 1984 жылдың сәуір айынан - Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

1984 жылдың тамыз айынан - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі . 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Фрунзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1988 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі. 1989 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының көмекшісі . 1990 жылдың мамыр айынан - ҚазКСР Президенті Кеңсесінің бастығы. 1990 жылдың желтоқсан айынан - ҚазКСР Президенті Аппаратының басшысы. 1991 жылдан - ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы. 1994 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының басшысы. 1995 жылдан - Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы және қосымша қызмет ретінде Швеция Корольдігі, Норвегия Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996 жылдан - ҚР Президентінің бірінші көмекшісі» 1998 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасы. 2000 жылдан - ҚР Сыртқы істерінің бірінші вице-министрі; ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының 2-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. 2005 жылдың қараша айынан - ҚР Парламенті Сенатының 3-ші шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы. 2007 жылдың ақпан айынан - ҚР- ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 2008 жылдың қазан айынан - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2010 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

ҚР Волейбол федерациясының президенті. ҚР Парламенті делегациясының басшысы, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық ассамблеясының төрағасы. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясында ҚР Парламенті делегациясының басшысы.

«Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Парасат», «Дружба» (РФ), Почет(РФ)ордендерімен; 6 медальмен марапатталған. Запастағы генерал-майор.

Хоббиі - волейбол, гольф, тау шаңғысы, музыка.

Жанұя

Үйленген. Жұбайы - Нұртаева Римма Филипповна Ұлдары - Марат (1969 жылы туған), Сергей (1974 жылы туған); қызы Әлия (1982 жылы туған). Немерелері - Нұрсұлтан (1993 ж.т.) Тимур (1998 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}