Нұрлыбек Ақанұлы Қосбармақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нұрлыбек Ақанұлы Қосбармақов 1948 жылы 7 ақпанда РКФСР Алтай өңірі Құлынды ауданы Қаракөл ауылында туған. Қазақ.

Анасы - Қосбармақова Рахима Хайфутдинқызы, зейнеткер, медицина қызметкері болған. Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының вокал факультетін бітірген (1973), вокалшы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1971-1991).

1966 жылдан - Алтай өңірі Құлынды ауданы Қаракөл ауылында әртүрлі жұмыс істеген. 1968 жылдан - П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің студенті. 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1971 жылдан - Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының студенті. 1973 жылдан - Целиноград мемлекеттік филармониясының солисі (1998 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармония). 2000 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының хор әртісі.

К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының хор көркемдік кеңесінің мүшесі (2000 жылдан). «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туған күніне 100 жыл толуы құрметіне» (1970), «Ерен еңбегі үшін» (2009) медальдарымен; КСРО Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымөн марапатталған (1977).

Діни көзқарасы - «Құрметпен қараймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдегі жетекші республикалардың бірі ретінде көру». Хоббиі - сурет салу, шахмат. Сүйіп оқитын әдебиеті - өнер туралы әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Қосбармақова К.Б. (1955 ж. т.), кітапханашы. Ұлы - Қосбармақов Әлібек Нұрлыбекұлы (1978 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub