Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Нұрлан Өнербаев Әлтайұлы (4.11.1961 жылы туған, Төле би ауданы Қазақстан ауылы ) – әнші, актер. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының. (1992), «Дарын» сыйлығының. (1995) иегері, ҚР-ның еңбек сіңірген артисті (1995). М.Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітіріп, осы театрда он жылдай еңбек етті. «Ана – Жер Ана» спектаклінде Жайнақ рөлін, «Қан мен терде» Рай рөлін ойнады. Тағы басқа 15 шақты спектакльдерде ірілі-ұсақты кейіпкерлерді сомдады.

Қызметі

  • 1990 – 98 жылы республикалық. Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды.
  • 1996 – 98 жылы «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі,
  • 1998 – 2002 жылы республикалық. Президент оркестрінің әншісі болды.

Өнер жолы

‘’’Нұрлан Өнербаевтың’’’ үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан бастау алады. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Өнер сапарымен, концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды. «Сұлулық», «Жан аға» атты аудио кассеталары мен «Қарағым-ай» және бірнеше үнтаспалары шыққан. 2003 жылдан «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық. корпорациясы ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының бас директоры.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}