Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ысқақов, Нұрлан Әбділдаұлы — Қоршаған ортаны қорғау министрі.

Қысқаша өмірбаяны

1963 ж. туған.

Қазақ политехникалық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен айналысты, коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы қаласының Калинин ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Мемлекет Басшысы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған.

Соңғы кезде — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

2006 ж. сәуір айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі.

Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы)