Нұрлан Жапарұлы Түйебеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түйебеков Нұрлан Жапарұлы1957 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

  • 1968 жылы орта мектепті аяқтады.
  • 1968-1973 жылдары Мәскеу полиграфиялық институтында экономика факультетінде инженер-экономист мамандығы бойынша білім алды. Институт бітіргеннен кейін №2 баспаханада инженер-экономист болып істеді.
  • 1974-1985 жылдары Қазақстан КП ОК Баспасында өндіріс бөлімінің бастығы, бас инженері болып еңбек етті.
  • 1985-1987 жылдары Жоғарғы партия мектебінде оқыды.
  • 1987-1992 жылдары Алматы қалалық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болды.
  • 1992-1996 жылдары РГЖБ (Республикалық газет-журнал баспасында) директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
  • 1996 жылы «Кітап» өндірістік бірлестігіне бас директор болып тағайындалып, осында 2000 жылға дейін қызмет етті.
  • 2000-2001 жылдары - «Атамұра» корпорациясының Полиграфкомбинатында директор.
  • 2002-2003 жылдары - «Алаш» баспасының директоры.
  • 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жедел басу типографиясы» ЖШС-ның директоры.

«Астана» медалімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}