Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996).

Өмірбаяны

Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарына Қыз Жібек, Дана (Е.Г. Брусиловский, Қыз Жібек пен Ер Тарғын), Ажар (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Абай), Сара (М.Төлебаев, “Біржан — Сара”), Зылиха (Б.Жұманиязов, Махамбет), Наталья (Жұбанов пен Ғ.Жұбанова, (“Құрманғазы”), Розалинда (И.Штраус, Жарқанат), Виолетта (Дж. Верди, Травиата), Антония (Ж.Оффенбах, Гофман ертегілері), т.б. бар. Қазақ әндерін де (Шилі өзен, Алқоңыр, т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Биік деңгейдегі кәсіби шеберлік пен шынайылық, баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық оның әншілік өнеріне тән қасиет. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музықалық шығармалары мол орын алған.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000).
  • Татарстанның Халық әртісі.
  • «Құрмет» (2005) орденімен марапатталған.

Отбасы

Дереккөздер

<references/>