Нұрдәулет Мырзалыұлы Алдашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрдәулет Мырзалыұлы Алдашев (1961 жылы туған., Ақтөбе облысы , Шалқар ауданы ) — тіл білімі маманы, филолог ғылым кандидаты (1966). Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың қазақ филолог факультетін бітірген (1983). 1983—1986 жылы Ақтөбе облысы , Темір ауданы оқу бөлімінде нұсқаушы. 1986—1988 жылы Бәшенкөл орта мектебінің директоры. 1988— 1991 жылы Ақтөбе медициналық институтында қазақ тілінің оқытушысы. 1989—1996 жылы Ақтөбе педагогикалық университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, деканның орынбасары, ғылым -зертхана секторының бастығы, ғалым-хатшысы қызметтерін атқарды. "Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикасы, синтаксисі мәселелерімен айналысады.

Шығармалары:

  • Қазіргі қазақ тіліндегі кысқарған сөздер. КДА., А., 1996.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}