Нұрбол Ерболұлы Әміржанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1981 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Бостандық ауылында туған. График суретші. 2003 жылы Абай атындағы АлМУ-дың көркемсурет-графика факультетін бітірген. 2004-2008 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттікуниверситетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 2009 жылдан Орал қалалық С.Ғұмаров атындағы Балалар көркемсурет мектебінде дәріс береді. Н. Е.Әміржанов туындыларының тақырыптарын тарих, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, фолыслорға арнайды және оларды графиканың күрделі техникаларының бірі линогравюрада орындайды. «Махамбет-2007» аймақтық көркемсурет көрмесі мен «Жазира Жайық-2009» БҚО суретшілерінің шығармашылық көрмесіне қатысқан.

Әдебиет:

1.Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. -14б.