Нұрбибі Серікқажықызы Наурызбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрбибі Серікқажықызы Наурызбаева (19 тамыз 1963 жыл Жамбыл облысы - «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы.

  • 1984 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист.
  • 1984-88 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің несие бөлімінің бас экономисі.
  • 1988-92 жж. – Агроөнеркәсіп банкінің несиелеуді ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1992-94 жж. - «Азия Дауысы» АК қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті.
  • 1994-96 жж. - ҚР Ұлттық банкінің банк қадағалауы департаменті директорының орынбасары.
  • 1996-2003 жж. - ҚР Ұлттық банкінің бақылау және аудит департаменті директорының орынбасары, директоры.
  • 2003 жылдан - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы.

Марапаттары

  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2005).
  • ҚР Президентінің Алғыс хатын алған (2001).
  • Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Жауапкершілікті басқа біреуге жүктемеу».

Көзқарастары

  • Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, адалдық, кәсіпқойлық».
  • Қазақстан қаржы аясына талдау: «Республиканың қаржы нарығы бүгінгі таңда экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Қаржы жүйесіне сенімнің нығаюы қаржы өнімдеріне сұраныстың артуына, банк жүйесі өтемпаздығының және экономиканы несиелендірудің өсуіне септігін тигізді. Сонымен бірге, қор, сақтандыру нарықтары сияқты қаржы жүйесінің жекелеген сегменттерінің дамуы әлуетті тұтынушылардың сұранысына жеткілікті түрде барабар еместігін атап кеткен жөн».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>

Үй жағдайы

  • Тұрмыс құрған. Қызы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub