Нұразхан Алмас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұразхан Алмас-мәдениеттанушы, суретші.

Өмірбаяны

1964 жылы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Васнецов атындағы Аврамцево көркемөнер-өндіріс училищесінде (Ресей), 1987-1992 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемөнер институтында, 2004-306 жылдары Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтында білім алды. 1992-1996 жылдары Алматы қаласындағы «Алас» кооперативінің, 1997-1998 жылдары «Балалар мен жасөспірімдердің өнер орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры болды. 1998-2000 жылдары ҚР Суретшілер одағы төрағасының орынбасары, 2000-2004 жылдары Абай атыңдағы ҚҰУ көркемөнер-графика факультеті сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының меңгерушісі болса, 2004-2007 жылдары «Дарын-Аrt» ЖШС көркемөнер-өндірістік компаниясының, 2007-2009 жылдары Астана қаласында орналасқан Мәдениет пен өнерді шыңдау мемлекеттік қорының директоры қызметтерін атқарды, 2009 жылдан Астана қаласындағы «Қазақстан халқын рухани дамыту қоры» АҚ президенті. Педагогика ғылымдарының кандидаты. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер академиясының академигі.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.

2. ↑http://kitaphana.kz/