Нүкетай Мышбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Нүкетай Мышбаева (9 наурыз 1936 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында туған) – актриса, әнші (меццо-сопрано). Қазақстанның халық әртісі. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі. ҚР мемлекеттік және президенттік степендиясының иегері.

Жалпы мәліметтер

1959 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін бітірген. 1960 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов, “Беу, қыздар-ай” ), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда” ), Марфуға ( Қ.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті” ), т.б. рөлдерді орындап, өнер жолын комедия бейнелерді жасаудан бастаған жас актриса Әлиман (Ш.Айтматов, “Ана-Жер ана” ), Майра (Ә.Тәжібаев, “Майра” ) рөлдерін орындап, өзінің драммалық, трагедиялық, әншілік қасиеттерімен көпшілікке танылды. Ақбала (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер” ), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар көсе), Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Абай”, “Қаракөз” ), Бекей (Айтматов, “Ақ кеме” ), ұалия (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу” ), Ажар ( С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” ), Хатшы әйел, өрқия ( А.Сүлейменов, “Төрт тақта – жайнамаз”, “Қыздай жесір – штат қысқарту” ), т.б. рөлдері Нүкетай Мышбаеваның ғана емес, қазақ ұлттық сахна өнерінің өсіп-ілгерілеу жолындағы елеулі кезеңдер. 1976 жылдан киноға түскен, көп бөлімді “Қымызхана” телеспектаклінде Теңгетай рөлін, сондай-ақ халық әндері мен осы заман композиторлары әндерінің орындаушысы ретінде танымал.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Марапаттары

  • "Қазақ КСРның еңбек сіңірген артисі"
  • 1991 жылы "Қазақстанның Халық әртісі" құрметті атақтары берілді.
  • 2004 жылы ҚР мемлекеттік степендиясының иегері.
  • 2010 жылы ҚР президентнің жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталды.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" меджальімен марапатталды.
  • 2016 жылы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Уики