Нығмет Төлендиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нығмет Төлендиев (15.11.1922 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылы) - жазушы.

Түрген педагогикалық училищесін бітірген (1941). 2-дүниежүзілік соғысқа катысқан. Алматы облысы, Қаскелең ауданы халық сотында, Қазақстан Әділет министрлігінде, Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық сотында, Әділет басқармасында жауапты қызметтер атқарған.

"Ар туралы аңыз", "Терезедегі таңба", "Айсыз түн операциясы" повестері, "Әділет атымен" әңгімелер жинағы жарық көрген. Ордендермен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}