Ноғайбай Сүлейменұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Ноғайбай Сүлейменұлы 1855 жылы Бұрынғы Семей облысы Зайсан уезі Маңырақ болысының 4-ауылында Ноғайбай қыстағанда (қазіргі Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі) дүниеге келген. 6-7 жасар кезінде шешекпен ауырып, екі көзінен айрылған.

1916 жылы шетелге ауған елмен бірге [[[Қытай]]ға өтіп кеткен. Ноғайбай атының ұмытылмай әдебиет тарихында қалуына себепкер болған орыстың белгілі этнографы- А. Ивановский. 1889 жылы Зайсан өңірінде болып, сол жылы Мәскеу университетінде шығарылатын «Этнографическое обозрение» журналында «Киргизский народный поэт-певец Ногайбай» деген мақала жазады. 1937ж. Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығы аталып өтілді. Сол тойда Қазақстанның түкпір-түкпірінен небір жезтаңдай іншілер, шақырылыпты. Сол тойда Жамбыл: «Іштеріңде Ноғайбайдың әндерін білетіндерің бар ма?» деп сұрағанда, ешкім жауап бере алмапты. Сонда Жамбыл: «Япырай, осы жұрттың кемтарларды елемейтіні бар. Әйтпесе қазақта Шөже мен Ноғайбайдан асқан ақын бар ма?» деген екен.

Құдайым көзімді алды көрмесін деп,
Соңынан зұлымдықтың ермесін деп.
Құлақ берді естуге сақ болсын деп,
Қол-аяқ қуат берді өлмесін деп.

- деп жырлаған зағип ақынды жыр алыбы Жамбыл дүлдүлдердің қатарына тегін қоспағаны анық. Ноғайбай ақынның өлеңдері жазбаша емес, ел аузында сақталған. Ноғайбай ақынның өлеңдерін жинақтаушы С. Сырымбетов. (Ертіс өңірі. - 04.05.2011ж). Бүгінде Ноғайбай ақынның 18 өлеңі, 1ән, 1 поэм, 2 айтысы ғана мәлім.Ол тек қара өлеңнің ғана тарланы емес, асқан әнші, домбырашы, сазгер, үлкен айтыскер ақын болған. 1923 жылы 68 жасында ШҰАР Алтай аймағы Бурылтай өңірінде қайтыс болған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА