Ноян Ахмедиярұлы Бәйтенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйтенов Ноян Ахмедиярұлы (25.11.1934, Алматы - 17.12.1993, сонда) - ғалым, техника ғылымының докторы (1984), профессор (1986).

Қазақ кен-металлургия институтын бітірген (1957). 1957-1959 жылы Шыршық қатты қорытпалар комбинатында (Өзбекстан) инженер, 1959-1961 жылы Қазақстан ғылым академиясының металлургия және кен байыту институтында аспирант, 1969-1993 жылы зертхана меңгерушісі болды.

Бәйтеновтің негізгі ғылыми зерттеулері құрамында титаны бар шикізатты және пигментті титан қос оксидін алуға, титан тетрахлориді конденсациясын жетілдіруге және оны қоспалардан тазартуға, қышқылмен шаймалау әдісі арқылы ильменит концентратынан рутилді, көмір ванадий кектерін шаймалауға, сондай-ақ, целестин концентратынан стронций тұзын алуға, титан өндірісіндегі үймелерді пайдалану мақсатында хлоридті термолиздеу мәселелеріне арналған. Ол шикізатты кешенді пайдаланудың жаңа технологиясын жасады, сондай-ақ, хлорлы металлургия саласында жаңа ғылыми бағыттың негізін қалады. КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1988 жыл).<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ноян Ахмедиярұлы Бәйтенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}