Нина Әмірқызы Каюпова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Нина Әмірқызы Каюпова (1 мамыр 1936 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — медицина ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1996). Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Өмірбаяны

  • Алматы мемлекеттік медицина институтын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және аспирантурасын (1965) бітірген.
  • Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог (1959–62) болып жұмыс істеді.
  • Ана мен баланы қорғау ғылымы-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері (1965–71)
  • Алматы мемлекеттік медицина институтының доценті (1971–76)
  • Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы (1976–81)
  • Қазақ акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Республика ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы) директорының орынбасары (1981–83) қызметтерін атқарған.
  • 1983 жылдан осы орталықтың директоры.
  • 1991–2001 жылдары Республикалық әйелдер ұйымы кеңесінің төрайымы болды. Оның басшылығымен Қазақстанда республикадағы әйелдердің әлеуметтік жағдайын жақсартудың тұжырымдамасы (1997) дайындалды.
  • 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы, әйел және демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия төрайымы.
  • 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Ғылыми еңбектері

Каюпованың ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты – перинатальды медицинаның проблемаларын шешуге, жүкті аналар денсаулығын экология жағдайларды ескере отырып жақсартуға арналған. Оның акушерлік-гинекология саласындағы ғылыми-зерттеулерінде жүкті әйелдердің денсаулығына байланысты «өте қауіпті топты» ажыратудың әдістері анықталып, соның нәтижесінде аналардың өмірін сақтап қалу жолдары ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Каюпованың басшылығымен гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жас ерекшелігіне байланысты емдеуге және эндоскопиялық операциялар жасаудың техникасын жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа технология енгізілді; баласыз ерлі-зайыптыларды халықаралық стандарттарға сай келетін көмекші репродуктивті технологияның жаңа әдістерімен емдеудің тиімділігі анықталды; іштен туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалайтын аурулардың ұлттық генетикалық тізімі (регистрі) мен аурулардың алдын алу шараларын аймақтық анкета арқылы анықтау (скрининг әдісі) бағдарламасы енгізілді.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер