Николай Владимирович Цивчинский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Цивчинский Николай Владимирович (13.12.1905, Санкт-Петербург қ. — 24.2. 1985, Алматы) — суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1947). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Оның ақынға арналған «Абай» атты суретті кілемінің (1956, ширатпа жіп, жүн, тоқыма, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі меншігінде) бояуы қанық. Бұл гобеленге ақын шығармаларындағы насихат, өсиет тақырыбы арқау болған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

  • 1927 ж. Межгорье қаласындағы Украин технология, керамика және шыны институтын бітірген.
  • 1937 жылдан Алматы қаласында тұрып, осындағы кілем-гобелен шеберханасында (1937 — 41, 1945 — 65) суретші болды. Цивчинский — “Көктем”, “Абай” (1956) атты алғашқы қазақстандық кілем гобелендерінің авторы.

Монументті-сәндік өнер саласында Цивчинский кезінде

Ол өзінің таңдаулы шығармаларын суретші М.Кенбаевпен бірге жасады:

  • Алматы қаласының “Алматы” мейрамханасындағы “Көкпар”,
  • “Қобыланды” (1963),

“Алматы” мейманханасының алғы бетіндегі “Еңлік — Кебек” (1965),

  • “Айнабұлақ” кафесіндегі (1966) мозаикалар,
  • “Қазақстан” дүкеніне арналған “Қазақ халқының кәсіптері”сграффитосы (1972),
  • Модельдер үйіндегі “Қазақ халқының ұлттық киімі” қабырға өрнегі мен “Қалыңдықты киіндіру” витражы (1969),
  • Неке сарайындағы (1971),
  • Тараз қаласының “Восток” мейрамханасындағы “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” қабырға өрнегі, т.б. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, XVIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub