Николай Алексеевич Кузьмин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кузьмин Николай Алексеевич - Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

1956 жылы Өскеменде туған. Өскемен құрылыс техникумын, Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

1973-1974 жылдары Өскемен титан-магний комбинатында (бұдан әрі - ӨТМК) слесарь, жүргізуші болып жұмыс істеді.

1974-1976 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1976-1987 жылдары - ӨТМК-ның слесары, жүргізушісі.

1987-1991 жылдары - ӨТМК-нің экономисі, бөлім бастығының орынбасары.

1991-2012 жылдары - «Титан» «Өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС-нің директоры, бас директоры.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Шапағат», «Білім беру саласының меценаты» медальдарымен марапатталған.

Үйленген, екі баласы бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер