Не іздейсің, көңлім, не іздейсің?...

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Не іздейсің, көңлім, не іздейсің?...» - Абайдың 1892 ж. жазған өлеңі.

4 тармақты, 8 шумақтан тұрады. Ақын адам баласының шын мақтауға іңкәр көңіл-күйін, көптен алғыс алуды, елге жақсылық жасауды тіршілігінің мәні деп тұсінетін гуманист жанның өз арымен сырласуын өлең ернегіне тұсірген. Мақтаудың өзі сатылып, «екі сөзді тәңірі атқандар» деңгелекше шыр айналып, тарысы піскенніңтауығы болған заманда адам қадірін кім білмек. «Сатып алма, сөз сатса, Ол асылды аңдамас», «Мен - мақтанның қҰлы емес, Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пүл емес, Өлім барда қорлық жоқ» деп ақын ар алдындағы берік сертін, кісілік парасатын білдіреді. «Өмір, дұние дегенің, Ағып жатқан су екен. Жақсы-жаман көргенің, Ойлай берсең, у екен» деген ақын түйінінің астарында көңіл көзі көреген, өзі емес өзгенің болашағын ойлаған адамның жүрегін өкініш уы өртеп, аққан судай өмірден опықжеумен өтетіні, ойлы адамның көңілі іздегенін таппақ емес деген ишара жатыр. Ақынның бұл өлеңіне композитор М. Маңғытаев арнайы ән-романс шығарған.

Өлеңнің алғашқы шумағы 11 буынды, қалған шумақтары 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Қунанбай ұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер ұшырасады. Мүрсейіттің 1910 жылғы қолжазбасында 4-шумақтың 1-жолы «Мақтан - жел сөз жанға қас», 5-шумақтың 1-жолы «Журттың бәрі сөз сатса» болса, барлық басылымдарда бұлжолдар Мүрсейіттің 1905, 1907 жылғы қолжазбаларына, 1909 жылғы жинаққа сүйеніп, «Мақтау - жел сөз жанға қас», «Жұрттың бәрі сөз сатқан» болып алынған.

Туынды ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, үйғыр тілдеріне аударылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Не іздейсің, көңлім, не іздейсің?...|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}