Неприпасов пен Кобяков елшілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Неприпасов пен Кобяков елшілігі – Ресей мемлекеті Сібір әкімшілігінің Тәуке ханға жіберген елшілігі. Елшілікті 1692 ж. Сібір воеводасы С.Салтыков ұйымдастырды, құрамына казактар Андрей Неприпасов пен Василий Кобяков және тілмаш Шаманаевтар енді. Елшіліктің негізгі мақсаты – шекарадағы қазақ-орыс жанжалдарын бейбіт реттеу және өзара сауда-саттық жөнінде келіссөздер жүргізу еді. Тәуке хан елшілік өкілдерінен Сібір әкімш-не жіберілген және ұзақ уақыт тұтқында отырған өз елшілері Сары мен Келдей мырзалардың дереу қайтарылуын талап етті. Неприпасов пен Кобяков елшілігімен жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Тәуке хан Тобылға Құлтубай Аталықов бастаған жаңа елшілерін аттандырды. Хан адамдарымен бірге А.Неприпасов елшілігінің мүшелері де бірге кетті. Тобылға қазақ елшілігінің келуі жөнінде хабар алған патша үкіметі Келдей мырзаны дереу босатып, оған бағалы сыйлықтар беруге бұйрық берді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Неприпасов пен Кобяков елшілігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}