Нағым Нұрмұханбетұлы Нұрмұханбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрмұханбетов Нағым Нұрмұханбетұлы1952 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысы, Ақсу ауданында дуниеге келген. Ақсудың Ы.Алтынсарин атындағы мектебін 1970 жылы бітірген. Кеңес Армиясы қатарында болған.

  • 1973—1977 жылдары Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училишесінде оқыған.
  • 1977—82 жылдары Мәскеудың полиграфиялық институтын суретші-график мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстандағы баспалар мен редацияларда еңбек етті.
  • 1982—86 жылдары "Жазушы" баспасында, 1986—1996 жылдары республикалық "Ара-Шмель" сатиралық журналында бас суретшілік қызметтерді атқарды.

Алматы банкнот фабрикасында дизайнер, "Қайнар", "Өнер" баспаларында бас суретші болды. Штаттан тыс "Рауан", "Білім", "Санат", "Ана тілі" баспаларында кітап мұқабасын безендіріп, суретші, "Айқын-Литер" газетінде дизайнер қызметтерін атқарды.

1993 жылдан Қазақстан суретшілер одағының, Дизайнерлер Одағының және Журналистер Одағының мүшесі. Шет ел және Одақтас республикалардың көптеген кітап байқауларында, "Кітап және полиграфия", "Кітап өнері" секілді көрмелерге қатысып әртүрлі дәрежедегі дипломдар мен грамоталармен марапатталған.

1982 жылдан бірнеше жеке көрмелерін өткізіп, баспа саласында кітап көркемдеу, "сталповая графика", живопись, келлографика, типогравюра тағы да басқа көркемдеу мен безендірудің жаңа түрлері бойынша шығармашылық ізденістердің игі нәтежелеріне қол жеткізіп келеді.

Оның өзіне тән стилімен, айшықтауымен қазақ ақын-жазушыларының көптеген кітаптары көркем де жоғары деңгейде безендіріліп оқушы қауымның ыстық ықыласына бөленген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

2003 жылдан Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтында дизайнер. Қазақстандағы кітап көркемдеу саласында өзіндік қолтаңбасы бар Нұрмұхамбетов көптеген халықаралық, бүкілодақтық конкурстардың дипломанты.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}